Жүргізуші куәлігі жоқ адамдар балаларды тасымалдаумен айналысқан

Жүргізуші куәлігі жоқ адамдар балаларды тасымалдаумен айналысқан. Мұндай кемшіліктерді қызылордалық полицейлер анықтады. Олар «Балабақша» жедел-профилактикалық шарасын өткізген.  Бірнеше бөбекжайдың көлігін тоқтатып, тексеру жүргізген. Нәтижесінде олардың техникалық тексерістен өтпегені былай тұрсын, жүргізуші куәлігі жоқ адамдарды кезіктірген. Көпшілігі бірнеше баланы бір көлікке тиеп, жолаушы тасымалдау қағидасын бұзған. Жалпы 197 құқықбұзушылық дерегін тіркеді. Заңға бағынбаған 25 автокөлік айып тұраққа қойылса, 20 мемлекеттік нөмір белгісі тәркіленген. Полиция қызметкерлері балалардың қауіпсіздігі үшін мектепке дейінгі ұйымдарға тиесілі көліктерге тексеріс әлі де жалғасатынын айтады.