Зеленский: «Украинаның бір сүйем жерін де бермеймін»

Украина Президенті Трамп пен Путинге тағы ескерту жасады. Зеленский: «Украина тағдырын Украинасыз шешемін, - деген қағида бүтін бір елге жасалған қастандық екенін ескертті. Оның үстіне, ешқандай жерді бере салмайтынын айтты.

ВЛАДИМИР ЗЕЛЕНСКИЙ, УКРАИНА ПРЕЗИДЕНТІ:

Олар астыртын Украина картасын алдарына қойып екіжақты шеше салмақшы. Барлығын біліп отырмын. Тіпті, менің өзім жер беру туралы шешімді қабылшдай алмаймын. Себебі, ондай құзыретім жоқ. Сондықтан, олардың ойы бос әурешілік.

Аляскадағы Трамп пен Путин кездесуінде барлығы шешіліп, соғыс тоқтайды деу қате.  Ақ үй баспасөз хатшысы осылай дейді. Кэролайн Ливиттің айтуынша, АҚШ Украина жерін бөліске салмайды.

КЭРОЛАЙН ЛИВИТТ, АҚ ҮЙ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Президент Трамп соғыс жүргізіп жатқан тараптың бірі, яғни, Путинмен кездеседі. Украинаның позициясын барлығымыз білеміз. Бізге көзбе-көз Ресейдің позициясын білу маңызды. Трамп, бұл кездесуді соғысты тоқтатудағы қадам деп қана бағалады.

Израиль басшысы кенеттен сөзінен тайды. Халықаралық қауымдастық оның ішінде кейбір батыс елдерінің сынынан кейін, түрлі сылтау айтып ақталуға тырысып жатыр. Бұл жолы да Биньямин Нетаньяху тек тұтқындарды босатқысы келетінін айтты.

БИНЬЯМИН НЕТАНЬЯХУ, ИЗРАИЛЬ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ:

Бізді бүкіл әлем теріс түсінді. Газа секторын басып аламыз дегенде, халқын қырып, жерін тартып алу емес. ХАМАС-ты ғана жойғымыз келеді. Оның өзінде, олар қаруларын тастап берілсе, өмірлерін сақтаймыз. Біз бар болғаны тұтқындарымызды босатқымыз келеді. Сонымен қатар, қаза болған жандардың мәйіттерін берсін.

Парижде аптап ыстықтан мезі болған жұрт жаппай өзенге түсе бастады. Жай өзен емес, Еуропа ортасындағы Сенаға түсуге мәжбүр. Францияның кейбір өңірлерінде сынап бағанасы 40 градустан асып-жығылған.