Қызылордада Халықаралық жастар күні ашық аспан астында тойланды. Оған елімізге танымал өнер жұлдыздар қатысып, кештің көркін қыздырды. Ән мен биге толы көңілді кеште жастардың белсенділігі ерекше болды. Аймақта мерекеге орай 10 күндік жарияланған болатын. Соның аясында түрлі форматта шаралар ұйымдастырылған. Оған барлық аудан жастары қатысып, өз үлестерін қосқан.
НҰРБОЛ СЕРІКБАЙ, «ЖАСТАР РУХЫ» ЖҚ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Елімізде, жалпы Сыр өңірінде жастарымыздың белсенділігі артып келеді. Ол бізді қатты қуантады. «Жастар еңбек», «Жастар тазалық», «Жастар спорт» деген секілді әртүрлі бағытқа бөлінген 10 күндік өткізілді. Бүгінгі 10 күндіктің қорытындысы есебінде ашық аспан астында осындай «OPEN AIR» концерт өтуде.