Белгілі болғандай, жаңа қызметке 32 жастағы Асылбек Ахметжанов келді, хабарлайды Astana TV.
Бұл туралы Үкіметтің Баспасөз қызметі мәлімдеді.
"Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Асылбек Амантайұлы Ахметжанов Қазақстан Республикасының оқу-ағарту вице-министрі болып тағайындалды",- делінген ақпаратта.
Асылбек Ахметжанов 1993 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін, Қазақ технология және бизнес университетін бітірген.