Павлодарда жантүршігерлік жол апатынан 2 адам көз жұмды. Екеуі екі көліктің жүргізушісі. Оқиға Беловка-Қалқаман тас жолының бойында болған. Полицияның дерегінше, көліктер қарама-қарсы келіп, соғылған. Апат салдарынан тағы екі жолаушы жараланды. Олардың бірі Ақсу қаласының ауруханасына жеткізілді. 19 жастағы науқастың жағдайы ауыр. Жансақтау бөлімінде ем алып жатыр. Ал екінші бір жолаушы жарақатының жеңілдігіне байланысты үйден ем алуға жіберілді.