Түркістан облысының Жетісай ауданында ауылдасын өлтірген ер адам сотталды. Ол жанжал кезінде 38 жастағы келіншекті жіппен қылқындырып, қылмысты жасыру үшін мәйітті өз ауласында көмген. Оқиға биыл қыста болған. Сондай-ақ қаскөйдің үйінен заңсыз сақталған оқ-дәрілер табылды. Сот үкімімен қылмыскер 20 жылға бас бостандығынан айырылып, 10 млн. теңге көлемінде моральдық шығын өндірілді.