Зеленский: «Біз соғыста да, келіссөзде де жеңілмейміз»

Зеленский Ресейдің көкесін танытуға дайын. Оның айтуынша, Ресей қазір ұрыс даласында біршама ілгеріледі. Бірақ, уақытша дейді Украина басшысы. Қазір, Зеленский, Еуропадағы одақтастарымен осы келіссөздер бойынша ортақ позиция құрып жатыр. Себебі, не Путинге, не Трампқа сенуге болмайтынын жеткізді.

ВЛАДИМИР ЗЕЛЕНСКИЙ, УКРАИНА ПРЕЗИДЕНТІ:

Ресей қазір келіссөздерде Трампқа өзінің бүкіл Украинаны басып алуға шамасы жететінін көрсеткісі келеді. Бірақ, ол жетістігі уақытша. Біз ашық соғыста жеңілмейтінімізді, тіпті басымдыққа ие екенімізді көрсетіп келдік. Қажет болса, тағы көрсетеміз.

Трамптың өзі де тағылған айыптарды жоққа шығаруда. Естеріңізге сала кетсек, өткен демалыс күндері Аляскада АҚШ пен Ресей Президенттері картаны алып алып, Украина жерін бөліске салады деген хабар Батыс басылымдарын дүр сілкіндірді. Атап айтқанда Қырымды ресми түрде мойындап, Донецк және Луганск облыстарнын толық ресейге беру мәселесі қаралатыны туралы инсайдтар жарияланды. Бірақ, Трамп бұның барлығын жоққа шығарды.

ДОНАЛЬД ТРАМП, АҚШ ПРЕЗИДЕНТІ:

Әлбетте, бұл кездесуде барлығы шешіледі деген ақылға сыймайды. Оның үстіне, Путин қиқаңдаса, осы Аляскадағы саммиттен кейін-ақ, бас көтере алмайтын санкция мен тариф енгіземін. Десе де, бұл кездесу тек алғышарт. Ал, Зеленский мен Путин де жеке кездессін деген талапты Путинге мен қойғанмын.

Сербияда билікке қарсы наразылық акциялары қайта басталды. Ереуілге шыққан халық Президенттен бастап, барлығы отставкаға кету талабын қайталады. Олардың ойынша Нови-Сад қаласындағы түнгі клубтағы қайғылы оқиғаға жауаптылар толық жазаланбады.