Ұлытау облысында “Отбасылық ферма” жобасы іске қосылды

Ұлытау облысында тұңғыш рет «Отбасылық ферма» жобасы іске қосылмақ. Бұл туралы аймақ басшысы Дастан Рыспеков журналистермен кездесуде мәлімдеді. Ол жем- шөп пен мал өсіретін кәсіпкерлердің басын қосып, ауылшаруашылық кластерін құруды көздейді. Бұл мақсатта республикалық бюджеттен 9 млрд теңге қарастырылып отыр.

ДАСТАН РЫСПЕКОВ, ОБЛЫС ӘКІМІ:

Бұл жоба бойынша біз әлеуметтік корпорация арқылы тиісті қаражат бөлген болатынбыз. Бұл жерде жеңілдетілген несие 2 жарым пайызбен. Осы жылдың күз айларында бірінші нәтижесін көреміз деп ойлаймын.

«Отбасылық фермаға» біріккен кәсіпкерлердің бірі ірі қара, бірі ұсақ мал өсірсе келесісі жем- шөппен қамтиды. Ал тағы біреуі малды бордақылап, өңдейді. Мемлекет инфрақұрылыммен жарық, сумен қамтамасыз етеді.

АЛМАТ САУХИМОВ, ОБЛЫСТЫҚ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ ЖӘНЕ ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Малды бағып отқан шаруа бұл өнімді мен қалай өткізем, бұны мен қалай тасымалдаймын, бұны шөппен қалай қамтамасыз етем деп ойланбайды. Ол өзінің әр сатыда осы циклда айналысып жатқан шаруалар өздерінің міндеттерімен ғана айналысады. Сонда шаруалары жеңілдейді. 

Осылайша Ұлытау облысында жем- шөп , дақылдар өсірумен өатар асыл тұқымды мал басын көбейту жоспарланып отыр. Мұнымен қоса сүт тағамдарының өндірісі де қолға алынбақшы.