Ұстаздардың өмірін жеңілдететін жасанды интеллект іске қосылды

Астанада педагогтердің республикалық тамыз саммиті аясында смарт-оқулықтар таныстырылды. Баспа өкілдерінің айтуынша, кітап шығару ісінде жасанды интеллектің кеңінен пайдаланылуы ұстаздардың күнделікті жұмысын жеңілдетуге едәуір ықпал етеді. Мәселен, биылдан бастап «ARMAN-PV» баспасы ойлап тапқан ARMAN-АІ көмекшісі өз жұмысын бастайды. Цифрлық платформаға ұстаздарға арналған түрлі бағдарламалар, күнтізбелік жоспарлар мен тесттер жинағы шоғырланған.

АЙГҮЛ БЕКБОЛАТОВА, «ARMAN-PV» БАСПАСЫНЫҢ БАС РЕДАКТОРЫ:

Арман-АІ арқылы ұстаздарымыз да үлкен жетістіктерге жетеді деп сенеміз. Себебі бәрі дүниенің барлығы бір платформада орналасқан. Жасанды интеллект күнделікті қолжетімді. Қолданылуы өте оңай. Он бір сұраққа бір жауап табатын ARMAN-АІ биылғы жылдан бастап оқушыларымыз бен ұстаздарымызға жол көрсетеді деп сенеміз.