Павлодарда «Жасыл ел» жасағының жастары Усолка өзенінің аумағын күл-қоқыстан тазартты. «Таза Қазақстан» акциясы аясында еріктілер тұрмыстық қалдықтарды шығарды. Мақсат -тұрғындарды, жастарды экологиялық шараға шақыру. Өйткені, бізде қоқыс жинау мәдениеті қалыптаспаған. Табиғат аясында демалушылар өздері пайдаланған заттарды қалдырып кетеді. Сол себепті еріктілер қала тұрғындарын шаһарымызды таза ұстауға үндеу жасап келеді.
ГУЗЕЛЬ ҚАПЕНОВА, «ЖАСЫЛ ЕЛ» ШТАБЫНЫҢ МЕНЕДЖЕРІ:
Осы сенбілікте Усолка шағын ауданының жағалауларын тазалаймыз. Және адамдар демалатын жердің бәрін қоқыстан жинап, осы жағажайды реттеуге тазалауға үлесімізді қосатын боламыз.