Егін жинау: Президент тапсырмалары қалай орындалуда?

Қазақстанда егін жинау науқаны басталып, қазіргі уақытта еліміздің 12 өңірінде астық жинау жұмыстары жүргізіліп жатыр, хабарлайды Astana TV.

Оның тиімділігінің негізгі шарты – диқандарды егін жинаудың жоғары қарқыны мен өнім сапасын сақтауға мүмкіндік беретін қажетті ресурстармен және техникамен уақтылы қамтамасыз ету.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қолдауға ерекше көңіл бөлініп отыр. Қолайлы жағдайлар жасау тәуекелдерді азайтуға және елдің азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға ықпал етеді.

Жедел деректер бойынша, бүгінгі таңда 1,1 млн гектар жерде астық жиналып, 1,6 млн тонна астық бастырылды. Сонымен қатар 17,4 мың тонна майлы дақылдар, 363,5 мың тонна картоп, 1,3 млн тонна көкөніс және 1,6 млн тонна бақша дақылдары жиналды.

Ел бойынша жаппай егін жинау науқаны тамыздың үшінші онкүндігінде басталады.