Алаяқтар қалай 1414 нөмірінен SMS жібереді?

  • AstanaTV
  • 15 тамыз 2025

Пошта курьері, мобильді байланыс операторы, банк қызметкері, медицина мекемесінің маманы, полиция...Бүгінде жәбірленушінің шотынан миллиондап ақша шешуді көздеген интернеталаяқтар өздерін осылай деп таныстырып, арбаудың түрлі тәсілдерін ойлап табуда. Соңғы 7 айда 13 мың адам киберқылмыскерлердің құрығына түсіп, сан соғып қалды.

АЙДАР ҚОНЫСБЕК, ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ КИБЕРҚЫЛМЫСҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҒА ЖЕДЕЛ УӘКІЛІ:

Тез арада жүгінсе, бұғаттау пайызы өте жоғары болады. Ал, енді біраз уақыттан кейін болса, ақшалардың көбісі кетіп қалып жатады басқа шоттарға, шетелге деген сияқты. +Бәрімізге белгілі, қоңыраулар трансшекаралық қылмыс болып саналады. Себебі, алаяқтардық өздері қазақстанның тыс басқа жерлерде отырып хабараласады.

Киберқылмыскерлерге бүгінде егде жастағылар ғана емес,  жас буын өкілдері де сеніп қалады. Бір ғана Астананың өзінде жыл басталғалы 2 мыңнан аса жәбірленуші арыз жазған. Ең қызығы, олар  алаяқ екенін біле тұра  арбауына қалай түсіп қалғанын өздері аңғармай қалады.

БЛИЦ:

- Алдын күні ғана болды, ол кезде маған почтадан посылка келіп тұр деді. 1414 тен смс келді, код айтып жіберіңіз деп, өшіре салдым, болды.

- Қазір ешкімнен сенуден қалдық қой, смс келеді, ақша сұрап деген сияқты. Бірақ жауап бермеуге тырысамын. 

- Көмектесетін сияқты, басқаша никак өйткені. Мысалы қайдан алады біздің данныйларды. ЭЦП қазір бүкіл жерде заң түсінде енді уже. Өзің ашасың, биометрия бүкіл жерде. Я не знаю енді басқаша қалай алатынын.

- Мен үндемеймін, көремін де жауып тастаймын.

Интернеталаяқтардың әртүрлі айла-тәсілдері мен күрделі схемасы олардың қылмыстық жолын түбімен жоюға кедергі болып тұр дейді жауаптылар. 1414 номері арқылы келетін жалған смс-терге біз жауап бере алмаймыз, жеке деректер бізден емес, жекеменшік ұйымдардан кетіп жатыр деп түсіндіреді.

ДАНА МҰҚАНБЕДИЕВА, ҚР МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІ АҚПАРАТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК КОМИТЕТІНІҢ БАС САРАПШЫСЫ:

Егер адамның қандайда бір деректері болса, ИИН, аты-жөні, сол арқылы электрондық портал арқылы мемлекеттік қызмет алуға сұрау жібереді, осылайша адамға смс код келеді 1414-тен, сол кодты пайдаланып адамдардың деректеріне қол жеткізеді.

1414 нөмірінен смс код жолдау - ол алаяқтардың былай айтқанда психологиялық манипуляциялау құралы болып табылады.

Мамандар жеке мәліметтерді бөтендерге бермеуге және

SMS арқылы келген кодтарды ешкімге хабарламауға кеңес береді. Егер күдік туындаған жағдайда дереу банкке немесе құқық қорғау органдарына хабарласқан жөн.