Шымкенттегі теміржол өткелінің құрылысы қарқынды

  • AstanaTV
  • 15 тамыз 2025

Шымкентті Түркістан облысының Сайрам және Төлеби аудандарымен жалғайтын теміржол өткелінің бір бөлігі биыл пайдалануға беріледі. Момынов көшесіндегі ауқымды құрылыс барысымен Мәжіліс депутаты Болатбек Нажметдинұлы  танысты. «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі бұл жоба қаладағы қозғалысты реттеп қана қоймай, кептелісті азайтып, жол қауіпсіздігін арттыратынын атап өтті. Жоба аясында төрт жолақты өткелде жаяу жүргіншілерге арналған жол және бағдаршамдар орнатылады. Құрылыс 2024 жылғы қарашада басталған.  Қазір нысанның 50 пайызы дайын. Мердігер ұйымның мәліметінше, жұмыс жоспарға сәйкес жүруде. Өткел «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасы аясында салынып жатыр.

БОЛАТБЕК НАЖМЕТДИНҰЛЫ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Бұл жылдап шешілмей жатқан мәселе. Кейінгі он жылда осындай жағдайға ұшырап, халықтың тығыздығы, көліктің  көп болуына  байланысты мына жерден жүру қиындап кеткен. Бұл жерден тек қана Сайрам елдімекеніне бармайды, бұл жерден Төлеби ауданына барады, басқа да аудандарға шығатын өте бір керекті инфрақұрылымдық жоба.