Ұлытау облысында жұмысшы мамандықтарға сұраныс артты

Ұлытау облысында жұмысшы мамандықтарға сұраныс артты. Өңірге құрылысшы, электрик,ауыз су, газ, металлургия саласының мамандары қажет. Қазір негізгі кадрларды Жезқазған жоғары политехникалық колледжі дайындайды. Оқу орнында металлургия, байыту, IT, автоматтандыру, құтқару ісі, энергетика және құрылыс бағыттары бойынша 11 мамандық оқытылады.

САНДУҒАШ СӘРСЕНБАЕВА, ЖЕЗҚАЗҒАН ЖОҒАРЫ ПОЛИТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОҚУ ІСІ БОЙЫНША ОРЫНБАСАРЫ:

Жұмысшы мамандықтарының имиджін ілгерілету мақсатында ашық есік күндері молынан болып жатыр. Онымен қатар бізде жаңағы 11 мамандық бойынша бізде 13 жұмысшы мамандығымен 11 орта буын біліктілігі бар. Сонда бас- аяғы 23 біліктілік бойынша дайындаймыз.

Студенттер теориямен шектелмей заманауи өндірістік тәжірибе алып, еңбек нарығында сұранысқа ие маман болып шығады. «Жас маман» жобасы аясында жабдықталған құрылыс, дәнекерлеу, слесарлық, су тазарту, электрмонтаж, сәндік сылақ, ағаш өңдеу секілді өз шеберханаларында шыңдалады.

АЙНАШ ЖОЛДЫБАЕВА, ЖЕЗҚАЗҒАН ЖОҒАРЫ ПОЛИТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ АРНАЙЫ ПӘНДЕР ОҚЫТУШЫСЫ:

Шеберханаларда балалар өздерінің теориядан алған білімдерін осы тәжірибелік кезде өздерінің жұмыстарын істей алады. Парталар жасайды, орындықтар жасайды. Мебельдер жасайды.

Жастар өңірдің 15 ке тарта орта және ірі кәсіпорындарда тәжірибеден өтеді. Көбісі жұмысқа орналасып өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосып отыр.