Елордада «Silk Way Star» музыкалық байқауы өтеді. Жоба Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешені мен Қытайдың CMG медиакорпорациясы арасындағы халықаралық келісім аясында жүзеге асады. Байқауға 12 мемлекет, атап айтқанда, Әзербайжан, Армения, Грузия, Малайзия, Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Моңғолия, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан және Оңтүстік Корея өнерпаздары қатысады. Ұлы Жібек жолы бойындағы елдер мен халықтардың мәдени құндылықтарын паш ететін сайыстың түсірілімі 20 тамызда басталады.
ВАН БИНЬ, CHINA MEDIA GROUP ЕУРАЗИЯ БЮРОСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
Бұл жобаны жүзеге асыру екі ел үшін де үлкен тәжірибе болмақ. Қытай өз тарапынан барынша қолдау көрсетуге дайын. Байқауға қатысып жатқан отандасымыз Димаш Құдайбергеннің Қытайдағы жетістігіне ие болады деп үміттенеміз.