Ұлттық банк интервенцияға қазанда 379,8 млн доллар жұмсаған

  • AstanaTV
  • 13 қараша 2017
  • 3399

Теңгенің құны тым әлсіреп кетпеуі үшін, Ұлттық банк қазан айында қаржылық интервенция көлемін айтарлықтай арттырған. Бұл туралы "finprom.kz" хабарлады. Яғни төл теңгемізді қолдау мақсатында Ұлттық банк өткен айда 379,8 млн доллар көлемінде интервенция жүргізді. Ал қыркүйекте оның мөлшері 69,7 млн доллар болған. Тамыз айында 70 млн долларға қаржылай интервенция жасалды.

Еске салсақ, осыдан екі жыл бұрын Ұлттық банк теңге бағамының еркін айналымға жіберілгенін жариялады. Ал биылғы жылдың маусым айынан бастап ұлттық валюта бағамы баяу болса да, құлдырай бастады. Сондықтан бас қаржы, реттеуіш валюта нарығына араласып, белсенді түрде қаржылық интервенция жүргізіп келеді.

Диана САПАРҚЫЗЫ