Астанада анасын пышақтап өлтірді деген күдікпен 30 жастағы қызы ұсталды. Алғашында анасы мен қызының арасында жанжал туып, соңы ұрыс-керіске ұласқан. Сол сәтте пышақ ала жүгірген күдікті анасын жарақаттап, соңы қайғылы жағдаймен аяқталды. Күдікті уақытша қамау изоляторына қамалды.
ДАНИЯР ЖАНҚҰЛОВ, САРЫАРҚА АУДАНЫ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:
Әйелдің пышақ жарақаты белгілері бар мәйітінің табылуына байланысты полиция қылмыстық іс қозғады. Қылмыс жасады деген күдікпен оның 30 жастағы қызы анықталып, ұсталды. +Күдікті уақытша қстау изоляторына қамауға алынды. Тергеу жүргізілуде.