Павлодарда 5 айлық бала шетінеді. Өңірлік денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, сәбидің өліміне қарақұмық ботқасы себеп болуы мүмкін. Өйткені, ұйықтар алдында балаға анасы ботқа беріпті. Дәрігерлердің айтуынша, ірі жарма сәбидің тыныс жолдарын жауып қалған болуы да ықтимал. Осыдан кейін баланың тыныс алуы қиындап, жан тапсырған. Сондықтан, ақ халаттылар сәбиге ұйықтар алдында тамақ беруде сақ болуға шақырады.