Трамп пен Путин Аляскада ақыры кездесті. Әлбетте, көптен күткен кездесу соғысты тоқтата қойған жоқ. Керісінше, Ресейдің Украина қалаларына жасайтын шабуылдары толастар емес. Бірақ, Украина жерін бөліске салды теген жорамал шындыққа жанасқандай. Себебі, Путин өзінің көңілі толатынын жасырмады.
ВЛАДИМИР ПУТИН, РЕСЕЙ ПРЕЗИДЕНТІ:
Біздің асықпай өз позицияларымызды бір-бірімізге түсіндіретін мүмкіндігіміз болды. Америка билігі осы соғыстың мейлінше тез аяқталуын қалап отырмыз. Біз бұндай тұжырымға құрметпен қараймыз. Біздің де оған еш қарсылығымыз жоқ. Әріптесіммен ашық әрі мағыналы кездесу өткізгеніме күмәнім жоқ.
Зеленский мұнымен мүлдем келіспейді. Оның ойынша Трамптан енді қайыр жоқ. Десе де, АҚШ Президентімен бүгін кездеседі. Алайда, оның алдында тағы бір Еуропалық әріптестерімен жүздесті. Осылайша, ортақ мәмілеге келіп, қос алып державамен келіспейтіндіктерін бүкіл Кәрі Құрлық болып жарияламақ.
ВЛАДИМИР ЗЕЛЕНСКИЙ, УКРАИНА ПРЕЗИДЕНТІ:
Ол екеуінің не туралы сөйлескендігі, өкінішке қарай, толық белгілі емес. Президент Трамп осының барлығын маған және еуропалық әріптестеріме ашық баяндап берсе екен деймін. Трамп біздің қауіпсіздігімізге кепілдік берсе, әрине жақсы. Бірақ, Путинге сене алмайтынымыз белгілі. Сондықтан, не жер беруге, не қолдап әскерімізді әлсіретуге біз келіспейміз. Себебі, Украина қауіпсіздігі үшін жалғыз кепілдік – ол әскеріміз екеніне көзіміз жетті.
Израиль мен Газа секторының да жыры бітер емес. Йерусалимде мыңдаған адам билікке қарсы наразылық акцияларына шықты. Оны бастаған Газа секторында тұтқында жатқан жандардың туыстары. Олар Биньямин Нетаньяхудан тезірек бейбіт келісімге қол қоюды талап етуде. Бірақ, Премьер-министр олармен келіспейтіндігін жеткізді.
БИНЬЯМИН НЕТАНЬЯХУ, ИЗРАИЛЬ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ:
Бүгін наразылық акцияларына шыққан азаматтардың талабы дұрыс, әрине. Олар өз туыстарын босатқысы келеді. Дегенмен, 7 қазан қайталана береді деген сөз. Олар ХАМАС қала берсін, қаруын тастамасын, жойылмасын деп отыр. Біз бұған жол бере алмаймыз. Себебі, ХАМАС жойылмайынша, Израильге төнген қауіп сейілмейді.
Осы уақытта Израиль озбырлығын тоқтатсын деген наразылық акциялары жан-жақта жалғасып жатыр. Мыңдаған адам Мексика астанасында да ереуілге шықты.