Шекарашылар – ел қорғаны

Шекарашылар белгілі бір аумақтың ғана емес, тұтыс ел тәуелсізідігінің  сақшысы. Олар белгіленген жерді күндіз-түні кірпік қақпай күзетеді. Қызылордалық шекарашырашылар бұл жауапкершіліктің жүгін жақсы сезінеді. Сондықтан әр күн сайын жаттығу, кез-келген уақытта саптан табылу оларға қалыпты жағдайға айналған.

НҰРТУҒАН НҰРЛАНБЕКҰЛЫ, ҚР ҰҚК ШЕКАРА ҚЫЗМЕТІ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТКЕРІ:

Заңсыз етіп кетпеу үшін біз өзіміз қадағалаймыз, жауапкершілігімізге аламыз. Бұл жауапкершілік өте қиын болғанымен еразаматпыз ғой. Ер азамат өзінің борышын өтеуге міндетті дейді. Өзімнің басты міндетім деп есептеймін. Күн-түн демей қызмет етуге дайынбыз.

Шекара қызметінде ақылды иттер де жұмыс істейді. 6 айлық күшік кезінен қабілетіне қарай түрлі бағытта үйретіледі. Негізінен Белгия және неміс овчаркалары қолданылады. Олар 8 жыл қатарда жүреді. Қырағы күшік Фантаның қызметке кіріскеніне 3 жыл болған.   Ол заңсыз шекарадан өтпек болған адам мен көліктерді ізбен және жеке заттары арқылы табуға көмектеседі. Мұндай иттердің күтімі де ерекше дейді шекарашылар.

ЕЛАМАН СЫЗДЫҚОВ, ҚР ҰҚК ШЕКАРА ҚЫЗМЕТІ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ҚЫЗМЕТТІК ЖАНУАРЛАРДЫ ҚОЛДАНУ БОЙЫНША АҒА ОФИЦЕРІ:

Қызметтік иттердің шекара қызметіне қосатын үлесі өте жоғары. Қазіргі таңда мемлекеттік шекарадан бұзған немесе наркотикалық, жарылғыш заттарды өткізуін алдын алатын қызметтік иттер болып табылады. Әр иттің өзінің салмағына байланысты сухой корм беріледі. Оны шомыртыру, тазалау өзінің күнделікті үзілмейтін процестері бар.

Биыл еліміздің ҰҚК шекара қызметіне 33 жыл толып отыр. Осы уақыт аралығында шекарашылар еліміздің тыныштығын күзетіп, елдік пен адалдықтың үлгісін көрсетіп келеді.