Тұрақты болашақтың жас көшбасшылары: Алматыда ECO FEST TURAQTY JOL 6.0 финалы өтті

Алматыда көшбасшы жастар бас қосты. "Эко Фест Тұрақты жол" жобасының финалында еліміздің түкпір-түкпірінен келген 70-ке жуық белсенді бақ сынады. Олар өнер, медиа және экология мен инновация салалары бойынша  идеяларын ұсынып, жобаларын таныстырды, ең мықтыны анықтады. Үздік үштікке ілінгендер марапатқа ие болды.  Алты жыл ішінде TURAQTY JOL жобасы еліміз бойынша 20 000-нан астам қатысушыны қамтыған.   Қолдау тапқан бастамалар  нақты нәтиже беруде.