Қазақстандықтарға жылу үшін артық төленген 1,5 млрд теңге қайтарылады

Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті жылу энергиясын есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін жылумен жабдықтау қызметтерінің құнын қайта есептеу жұмыстарын аяқтады

Комитеттің мәліметінше, бұл жұмыс табиғи монополиялар субъектілерін сыртқы ауаның нақты температурасына байланысты жылу есептеулерін түзетуге міндеттейтін заңнамаға сәйкес жүргізілген.

Қайта есептеу қорытындысы бойынша азаматтарға 1 554,7 млн теңгеден астам (ҚҚС есебімен) қаржы қайтарылады. Қаражат дербес шоттарда жеке жолмен - 2024-2025 жылдардағы жаңа жылыту маусымында аванс (сальдо) түрінде не 2025 жылдың соңына дейін күнтізбелік жыл ішінде көрсетіледі, - делінген хабарламада.
Қаражат еліміздің барлық өңірінде қайтарылады. 

Атап айтқанда, Астанада тұтынушыларға 224,5 млн теңге, Алматыда - 74,2 млн теңге, Қарағанды облысында - 457 млн теңге, Шығыс Қазақстан облысында - 257,2 млн теңге, Маңғыстау облысында - 176,7 млн теңге, Қостанай облысында - 106,9 млн теңге, Солтүстік Қазақстан облысында - 74,8 млн теңге, Ақмола облысында - 44,3 млн теңге, Павлодар облысында - 34,8 млн теңге, Қызылорда облысында - 23,9 млн теңге, Ақтөбе облысында - 24,1 млн теңге, Жамбыл облысында - 21,4 млн теңге, Абай облысында - 19,9 млн теңге, Атырау облысында - 11 млн теңге, Батыс Қазақстан облысы - 3,4 млн теңге, Алматы облысында - 0,5 млн теңге, Түркістан облысында - 0,1 млн теңге, ал Жетісуда - 0,03 млн теңге қайтарылады.

Шымкент пен Ұлытау облысының тұтынушылары үшін есептеулерді түзету қарастырылмаған, өйткені реттелетін қызметтің құны сыртқы ауаның нақты температурасын ескере отырып қалыптастырылған.

Айта кету керек, Астанада жылыту маусымы бойы ай сайын қайта есептеу жүргізілді, бұл температураның өзгеруін дәлірек ескеруге және тұтынылған жылудың нақты көлемін көрсетуге мүмкіндік берді.

Осылайша, жүргізілген жұмыс бүкіл ел бойынша тұтынушылар үшін тарифтердің ашықтығы мен есеп айырысудың әділдігін қамтамасыз етеді.

Қосымша ақпарат алу үшін азаматтар Табиғи монополияларды реттеу комитетінің аумақтық департаменттеріне келесі телефондар арқылы жүгіне алады:

  • Астана - (7172) 79-58-97;
  • Алматы - (727) 279-31-39;
  • Шымкент - (7252) 32-15-07;
  • Абай облысы - (7222) 52-17-91;
  • Ақмола облысы - (7162) 50-43-63;
  • Алматы облысы - (7273) 05-91-29;
  • Атырау облысы - (7122) 21-10-38;
  • Ақтөбе облысы - (7132) 55-73-38;
  • Шығыс Қазақстан облысы - (7232) 61-04-88;
  • Жамбыл облысы - (7262) 45-94-68;
  • Батыс Қазақстан облысы-(7112) 24-01-76;
  • Қарағанды облысы - (7212) 90-03-40;
  • Қостанай облысы - (7142) 54-28-76;
  • Қызылорда облысы - (7242) 26-22-93;
  • Маңғыстау облысы - (7292) 42-16-20;
  • Павлодар облысы - (7182) 32-12-02;
  • Солтүстік Қазақстан облысы - (7152) 53-42-55;
  • Түркістан облысы - (7253) 35-30-12;
  • Ұлытау - (7102) 76-07-24;
  • Жетісу - (7282) 24-28-05.