Қайрат Нұртастың келіншегі бесінші перзентін дүниеге әкелді (ВИДЕО)

Қазақстандық шоу-бизнестегі танымал жұлдызды жұп Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімованың бесінші перзенті дүниеге келді, хабарлайды Astana TV.

Қуанышты хабарды Жұлдыз Әбдәкәрімованың өзі Instagram-дағы парақшасында жария етті. Өнер иесі сәбиімен түскен видеосын бөлісіп, қалың көпшілікті таңғалдырды. Бейнежазбада алдымен актрисаның аяғы ауыр сәті көрсетіліп, кейін баласын құшақтап отырғаны көрініс табады.

"Жаңа тынысым" , - деген жазба қалдырды Қайрат Нұртастың әйелі видеоның астында.