Мемлекет басшысы ҰҚК департаментінің жаңа ғимаратын аралап көрді

Президент Астана қаласы бойынша ҰҚК департаментінің жаңа ғимаратына барды, хабарлайды Astana TV.
 
 Тоқаев  Астана қаласындағы ҰҚК департаментінің жаңа ғимаратын аралап көрді.
 
 Қасым-Жомарт Тоқаевқа жедел орталық, қызметкерлердің жұмыс кабинеттері және зам
анауи талаптарға сай жабдықталған қызметтік бөлмелер таныстырылды.
 
 Президент елорда тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті материалдық-техникалық базамен жарақтандырылған жаңа ғимараттың құрылыс жұмыстарына оң баға берді.