Астанада LRT станцияларына атау берілді

Астанада мәслихат депутаттары жеңіл рельсті көлік (LRT) станцияларының ресми атауларын бекітті, хабарлайды Astana TV.

Мәслихаттың хабарлауынша, депутаттар жер үсті және жер асты метрополитенінің станцияларына ат таңдауда әлемдік тәжірибеге сүйенді - атаулар жақын жерде орналасқан маңызды нысандарға, көшелерге немесе бөлімдерге сәйкес беріледі.

Осылайша, депутаттар мен ономастикалық комиссия мүшелері LRT-ның 18 станциясына келесідей атаулар беріледі деп келісті:

  1. "Әуежай" ("Аэропорт");

  2. "Атамекен";

  3. "Есіл";

  4. "Мәңгілік ел";

  5. "Астана жұлдызы";

  6. "Нұра";

  7. "Университет";

  8. "Ұлы дала";

  9. "Астана Арена";

  10. "Жекпе-жек сарайы" ("Дворец единоборств");

  11. "Сығанақ";

  12. "Бәйтерек";

  13. "Министрліктер үйі" ("Дом министерств");

  14. "Ұлттық музей" (Национальный музей);

  15. "Театр";

  16. "Мыңжылдық аллеясы"; ("Аллея Мыңжылдық");

  17. "Жібек жолы";

  18. "Нұрлы жол".