Әйелін балаларының көзінше өлтірді

Атырау қаласының тұрғыны әйелін  үйінде балаларының көзінше  аяусыз соққыға жығып, өлтіріп тастады.  Қайғылы оқиға   Балықшы ықшамауданындағы  көп қабатты үйлердің бірінде болған. Полицияға оқиға орнына барған жедел жәрдем қызметкерлері хабарлапты. Марқұм келіншекте көптеген дене жарақаты болған. Балаларын анасыз қалдырған 41 жастағы қала тұрғыны уақытша тергеу абақтысына қамалды. 

МЕЙІРІМ ЕРДӘУЛЕТ, ОБЛЫСТЫҚ ПД БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Қазіргі таңда 1985 жылы туған әйел  азаматшаның өліміне қатысты  қылмыстық іс қозғалып, кешенді тергеу амалдары басталды. Күдікті  ретінде оның күйеуі 1984 жылы туған азамат қазіргі таңда ұсталып,  қамауға алынды. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды.