Осы соғыста берілсең болды, қалағаныңды беремін. Трамп Зеленскийге осылай деді. Тіпті, осы соғыс аяқталған соң, бір сәт те күтпей, НАТО-ның 5-і бабы секілді, қауіпсіздігіне кепілдік беремін, енді ешкім тиісе алмайды дегенге де келтірді АҚШ Президенті. Ақ үйде Трамп Зеленский бастаған Еуропа елдерінің басшыларын қабылдады.
ДОНАЛЬД ТРАМП, АҚШ ПРЕЗИДЕНТІ:
Мен осы соғысты да тоқтатпақшымын. Бейбіт жандардың өліміне мүлдем қарсымын. Сондықтан, дереу Путин мен Зеленскийлердің кездесуін ұйымдастыруға көшеміз. Енді барлығы Украина Президенті мен халқына байланысты. Олар соғысты тоқтатқысы келсе, бір сәтте барлығы шешіледі.
Осылай, барлығын өзіне ысыра салғаны да, Трамптың шартына да Зеленский көнетін секілді. Басқа амалы да қалмағанға ұқсайды. Өз сұхбатында Украина Президенті құрғақ жауап берді.
ВЛАДИМИР ЗЕЛЕНСКИЙ, УКРАИНА ПРЕЗИДЕНТІ:
Біз бұл соғысты тоқтату керек деп 3 жылдан бері айтып келеміз. Барлық мәселе тек Президенттер жиынында шешілетінін де білеміз. Осы мақсатта жасаған қадамдарымыз сәтті бола бастаған секілді.
Дегенмен, Еуропа елдері Путинге сенбейтіндерін жасырмады. Әсіресе, болып жатқан жайттарға Франция Президентінің көңілі толмады.
ЭММАНУЭЛЬ МАКРОН, ФРАНЦИЯ ПРЕЗИДЕНТІ:
Путин жай ғана уақыт созып жатқандығы белгілі. Тіпті, келісімге келгеннің өзінде, ол Украинаны басып алу ойынан бас тартпайтыны айдан анық. Ол қазір, осы кезді пайдаланып, соғысты жалғастырып, тағы біраз жер басып алмақ.
Испания Солтүстік-Батысындағы өртке шамасы жетпей жатыр. Галиция провинциясындағы тілсіз жау 115 мың шаршы шақырымды жайлады. Қазір билік қосымша мың жарым сарбаз қосымша жіберді. Өртке себеп ретінде құрғақшылық аталуда.