Шымкентте шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 139 мыңнан асты

Шымкент өнеркәсіп саласында 680 млрд теңгенің өнімін өндірді. Президент қабылдауында болған өңір басшысы осылай деп, жарты жылда атқарылған істер жайлы есеп берді. Бүгінде шаһарда құрылыс қарқын алған. Соның арқасында 517 мың шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілді. Шағын және орта бизнес те шарықтап келеді. Кәсібін дөңгелеткендер саны 139 мыңнан асқан. Аталған секторда 245 мыңға жуық адам нәпақасын тауып жүр. Одан бөлек, жаңа аэропорт салынып, темір жол реканструкциядан өтті. «Келешек мектептері» аясында бірнеше ғимарат халық игілігіне берілді. Өнеркәсіптік әлеует, жол-көлік инфрақұрылымы да ілгері жылжып келеді. Мемлекет басшысы қала экономикасын одан әрі әртараптандыру бағытында Ғабит Сыздықбековқа нақты тапсырма берді.