Мектептерде енді пицца, хот-дог сатылмайды

  • AstanaTV
  • 19 тамыз 2025

Жаңа оқу жылынан бастап оқушылар дұрыс тамақтануға көшеді. Қант пен тұздың мөлшері төмендетілген ас мәзірінің жаңа стандарты белгіленді.  Бұдан былай мектептерде баланың денсаулығы мен дамуына зияны бар хот-дог, пицца, газдалған сусындар енді сатылмайды. Оның орнына құнарлы тағамдар, пайдалы компоттар, жеміс-жидек қосылған сусындар болады. Сондай-ақ, аллергиялық ерекшеліктері бар балаларға арнайы диета бекітіліп, ас мәзірі жасақталды. 

ЖАСҰЛАН АЛПЫСБАЕВ, ҚР ДСМ САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІНІҢ БАСҚАРМА БАСШЫСЫ:

Компот, құрамында ешқандай бояғыштары жоқ шайлармен алмастырылады, одан кейін, сүт қышқылы өнімдері, қолдан жасалатын сусындар, сүпен деген сияқты солармен алмастырылып отыр. Пицца хот дог дегендер олар сатылмайды, құрамында трансмайлары бар, одан кейін құрамында химиялық өндірілген майлары бар, жалпы баланың денсаулығына зияны келтіретін өнімдер ас мәзірінде мүлдем жоқ.

Одан өзге, оқушы саны мыңнан асқан білім беру ұйымдарында қосымша стоматологиялық кабинеттер ашу көзделген. Қазірдің өзінде Қазақстан мектептерінде мұндай 145 кабинет бар.

ИНДИРА БАСМАНОВА, ҚР ДСМ АНА МЕН БАЛА ДЕНСАУЛЫҒЫН САҚТАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАС САРАПШЫСЫ:

Қазіргі таңда өңірлердің денсаулық сақтау басқармаларының деректеріне сәйкес медициналық пунктердің жабдықталуы 18,6 пайызға артып, 92,3 пайыз құрады.