Абай облысында жол апатынан зардап шеккен балалардың жағдайы қалай?

Абай облысы Үржар ауданындағы Бестерек ауылында болған оқиға жұртты дүр сілкіндірді. 55 жастағы «Toyota» жүргізушісі рөлге ие бола алмай, үй маңында ойнап жүрген балаларды қағып өткен. Алдын ала деректерге сай, жол апатынан 2 мен 4 жас аралығындағы үш бала көз жұмған.  Тағы 7-9 жас аралығындағы үш бала түрлі жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Қазір жол апатына байланысты қылмыстық іс қозғалды.

ЕРНАР БАЗАРОВ, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Жүргізуші ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Медициналық сараптама оның жол апаты кезінде масаң күйде болмағанын көрсетті. Қазіргі уақытта тиісті тергеу амалдары жүргізілуде.

Президенттің тапсырмасымен Үржар ауданына дәрігерлер мінген әскери ұшақ жіберілді. Қазір оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, жағдай облыс әкімдігінің ерекше бақылауында.