8 үйдің ауласы өртенді

  • AstanaTV
  • 20 тамыз 2025

Ақтөбе облысы Қобда ауданы Әлия ауылында сегіз үйдің ауласы өртеніп кетті.   Қызыл жалын 1100 шаршы метрден астам аумақты шарпыды. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ. Өрт шаруашылық нысанынан  шыққан. Тілсіз жаумен күреске 188 адам мен 25 техника жұмылдырылды. 

ТАЛҒАТ ҚҰБАШОВ, ОБЛЫСТЫҚ ТЖД БАСҚАРМА БАСТЫҒЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:

Жеке тұрғын үйдің аумағында шөп пен шаруашылық құрылыстарының жануы орын алды. Ауыл құтқарушыларының жедел әрі үйлесімді іс-әрекеттерінің арқасында өрттің тұрғын үйлерге таралуына жол бермей, 16 үй құтқарылды.