Былтыр елімізде өмір сүру ұзақтығы 75 жастан асты. Ана өлімі көрсеткіші 12%-ке төмендеп, тарихи минимумға жетті. Алғаш рет «Феталды медицина» инновациялық технологиясы енгізілді. Нәтижесінде 71 жатырішілік операция жасалып, ақ халаттылар 96 нәрестені аман алып қалды. Жаңа туған сәбилер хирургиясы да қарқынды дамуда. Биылдың алғашқы жартыжылдығында туа біткен даму ақаулары бар 600 нәрестеге ота жасалды. Бір күндік клиникалар, ұрықты қорғау орталықтары ашылып, тиімді инфрақұрылым қалыптасты.
АҚМАРАЛ ӘЛНАЗАРОВА, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ:
Осы жетістіктер мемлекет басшысының және Үкіметтің қолдауының арқасында халықтың негізгі денсаулық көрсеткіштерін жақсартуға мүмкіндік ашуда. Мемлекет басшысы халықтың денсаулығын одан әрі нығайтуға, МӘМС жүйесін жетілдіруге арналған тиісті заңға 14 шілдеде қол қойды. Осы заң бойынша міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мен тегін медициналық кепілдендірілген көмек көлемі пакеттерінің ара-жігі нақты бөлінетін болады.