Академик Евней Бөкетов атындағы Қарағанды зерттеу университеті облыс орталығындағы алғашқы ұлттық университет атанды. Бүгін оқу орнының мәртебесімен құтттықтауға Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек пен бір топ Мәжіліс депутаты, университеттің бұрынғы түлектері арнайы келді. Айта кетейік, оқу орнына Ұлттық университет мәртебесінің берілуі тегін емес. Ол- көпсалалы үздік жоғары оқу орындарының қатарынан орын алып келеді. Бүгінде мұнда бакалавриаттың 99, магистратураның 68 және PhD докторантураның 19 білім беру бағдарламасы, соның ішінде 12 инновациялық бағдарлама жүзеге асырылуда. 12 факультетте 14 мыңнанастам студент, магистрант және докторант, соныңішінде жүздеген шетел азаматы білім алуда.
АСХАТ АЙМАҒАМБЕТОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, “AMANAT” ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:
Қарағанды Мемлекеттік университеттің Ұлттық мәртебе алуы деген ол- әрине осы “ Amanat” партиясының сайлауалды бағдарламасыныңорындалуы деп те айтуға болады. Өйткені біз Мәжілісте де партиямыздың күнделікті жұмысында да осы өңірлік білім, өңірлік университеттерді дамыту үшін ерекше жұмыс жасап жатырмыз.