95 мыңға жуық азамат тегі мен әкесінің атын өзгертіп, жеке құжатын жаңартқан

  • AstanaTV
  • 20 тамыз 2025

Соңғы жылдары қоғамда тегіндегі  жалғаудан арылу үрдісі жиі  байқалады. Мұны біреу  ұлттық болмысқа қайта оралу десе, бірі артық әрекет деп есептейді.

БЕРІКБОЛ ДҮКЕЕВ, САЯСАТТАНУШЫ:

Әркім өз қалағанындай өзгерте алады. Бірақ та ашық қоғам болғандықтан әркім өзіне ыңғайлы жалғауларды немесе тегін қоса ма, -ұлын қоса ма, сондай мүмкіндіктер болуы керек деп. Мүмкіндіктердің ашық болғаны бәріне де пайдалы деп ойлаймын.

Саясаттанушы соңғы 3-4 жылда қоғамның бірегейлікке ұмтылысы қатты байқалатынын айтады. Ал жеке куәлік – ұлттық болмысты айқындайтын бірден бір құжат. Былтырдың өзінде 95 мыңға жуық азамат тегі мен әкесінің атын өзгертіп, жеке құжаттарын жаңартқан.

АНАР АМАНТАЙҚЫЗЫ, ҚАЛАЛЫҚ ХАЛЫҚТЫҚ ҚҰЖАТТАНДЫРУ БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Тегіндегі және әкесінің атындағы -ов, -ев, ович, -евич жұрнақтарын алып тастап, қазақиландыру, яғни қазақ тіліндегі нұсқасында жеке куәлкті жеңілдетілдеген тәртіпте береміз. Яғни, бұған дейінгі, өзгертуге дейінгі алған құжаттарын өзгертудің, ауыстырудың қажеті жоқ. Бағана атап өткенімдей, олардың құқықтық субъектілігін қозғамайды. Бұрын алған құжаттары сол күйінде сақталады.

Тегіндегі жалғаудан арылып, жеке куәлігін қазақшалағысы келетіндерге бар жағдай жасалған. Ол  ұзақ уақыт пен көп шығынды талап етпейді. 

БЛИЦ:

- Бәленшенің ұлы, бәленшенің қызы деген жақсы нәрсе ғой қазақша. Қолдаймын, өте жақсы қолдаймын. Қазір мынау жастардың көбісі ауыстырып жатыр ғой.

- Иногда путаешься, фамилия мен есімін айтады ғой. Есімі кім, фамилиясы кім, түсінбей қаласың . (-ов, -ев қала берсін ба?). Иә.  

- Өте дұрыс. Енді бәріміз қазақ болғаннан кейін бәрі қазақшалану керек. 

Жеке куәліктегі тегіне өзгеріс енгізу қоғамда пікірталас тудырғанымен, құжат рәсімдеу жолы айқын. Бұл - әр қазақстандықтың жеке құқығы деп болып қала бермек.