«AMANAT» партиясының ұйымдастыруымен «100 сәттілік сөмкесі» акциясы өтті

Бақытты отбасы» жобасы аясында 15 жылдан бері дәстүрлі түрде «Баланы мектепке дайындайық» акциясы өткізіліп келеді. Биылғы шара «AMANAT» партиясының ұйымдастыруымен  Алматы қаласы Алатау ауданында «100 сәттілік сөмкесі» атауымен аталып, көпбалалы және аз қамтылған отбасылардағы бастауыш сынып оқушыларына «Үздік оқушы жинағы» мен қажетті оқу құралдары табысталды. Акцияның негізгі мақсаты – 1 қыркүйек Білім күні қарсаңында балаларға жақсы көңіл-күй сыйлау және олардың отбасына қолдау көрсету.

ЕРНАР БИІКОВ, ІС-ШАРА ДЕМЕУШІСІ:

Бүлдіршіндердің басқан қадамдарына сәттілік тілеп, осы 100 сәттілік сөмкесін сыйлау. Ол біздің балалар әрқашан біздің жарқын болашағымыз. Сондықтан әр бала өзін жақсы сезініп, мектепке биыл барып жатқан 1-ші класстарға бірінші қоңырау соғылады. Бұл жаңа өмірдің бастамасы. Сондықтан осындай жақсы бір сәттілік тілеп, іс шара өткізіп жатырмыз.

Дәстүрге айналған акция сондай-ақ Ақтауда ұйымдастырылды. Басты мақсат – көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға қолдау көрсету.

АНАР ШАМШАДИНОВА, «АМАNАТ» ПАРТИЯСЫ МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

20 балаға мектеп формасы мен құрал-жабдықтар табысталады. «AMANAT» партиясы бұл шараға білек сыбана атсалысып жатыр. Балаларға жыл сайын қолдау көрсетіп, көмектесуге тырысамыз. Осы арқылы оқушылардың білімге деген құлшынысы артып, мектепке қуана-қуана барады деп үміттенеміз.

СӘУЛЕ ЕРМЕКОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Бүгін «AMANAT» партиясы балаларды мектепке дайындауға көмектесті. Жанұяда бірнеше бала болса, мұның қаншалықты қиын екенін әр отбасы жақсы біледі. Сондықтан ұйымдастырушыларға алғысымды білдіремін.