Енді қажылыққа кез келген туристік компания апара алмайды. Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы хабарлады. Бұдан былай қажылық пен Умраға жол көрсететін операторлар арнайы конкурс арқылы анықталады. Оған осы салада бес жылдан артық заңды жұмыс істеген кәсіпкерлер ғана қатыса алады. Бұдан бөлек бірнеше талап бар. Бірінші Діни басқармаға ресми өтініш хат жолдауы шарт. Мемлекеттік лицензия болуы да қатаң бақыланады. Сонымен қатар, жеке кеңсесінің болғаны жөн.