Биыл жылу орталықтарындағы апат деңгейі 27% азайды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың пәрмені бойынша елімізде отын-энергетика кешенін жүйелі жаңғырту жұмыстары жалғасып жатыр.

Президент тапсырмасына сәйкес алдағы бес жылда 14 гигаватт энергия өндіретін жаңа қуат көздерін ашу міндеті тұр. 2023 және 2024 жылдары 1,3 гигаватт жаңа электр қуаты іске қосылды. Биыл тағы 621,5 мегаватт енгізу процесі жүріп жатыр, ал 2026 жылға 2 648,5 мегаватт жоспарланған.

Жылу электр орталықтарының тозуын азайту ісі де Үкімет бақылауында. Биыл 10 энергоблок, 63 қазандық пен 39 турбинаны күрделі жөндеу жоспарланып отыр. Жүргізіліп жатқан шаралар нәтижесінде орташа тозу 64%-тен 61%-ға дейін төмендеді. 9 орталық апат деңгейі жоғары аймақтан «сары» аймаққа, 3-еуі сарыдан жасылға көшті. Қазір  «қызыл» аймақта 10, сарыда– 17, жасылда– 10 станция бар.  Ұлттық жобаға сәйкес 86 мың шақырым инженерлік желілерді жаңғыртуға шамамен 6,8 трлн теңге инвестиция тартылады. Бұл апат санын 27%-ға азайтуға мүмкіндік береді.

ЕРЛАН АҚКЕНЖЕНОВ, ҚР ЭНЕРГЕТИКА МИНИСТРІ:

Газ саласында ЖИ ассистенті есептегіш құралдар көрсеткіштерін фотосурет арқылы автоматты түрде таниды. Біз басқа да салаларды негізгі ресурстармен қамтамсыз етіп келеміз. Сонын жарқын мысалы, жол құрылыс саласын отандық  өніммен толық қамтамасыз ету. Жаңғыртылған зауыт қуаты өсіп, ал  сатып алу кезеңінде басымдық қазақстандық өндірушілерге берілді.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ірі газ өңдеу зауыттарының құрылысы жанданды. Халықты газбен қамтамасыз ету деңгейі 62,4% жетті. Бұл - 20,2 млн тұрғынның 12,6 млны толық қамтылды деген сөз. Ал былтыр 4000 шақырымнан астам газ құбыры салынып, 93 жоба жүзеге асырылды. Биыл да бұл іс жалғасады. 300 мыңнан астам адамды газға қосу жоспарланан.

Жаһандық жобалармен қатар экономиканың негізгі секторларын қамтамасыз ету бойынша бірнеше міндет орындалды.

БАҚЫТГҮЛ ҚАМБАР, ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР ИНСТИТУТЫНЫҢ ТҰРАҚТЫ МАҚСАТТАР ЖӨНІНДЕГІ ХАТШЫЛЫҚ ДИРЕКТОРЫ:

Былтырғы Президеттің Жолдауын тұрақты даму жолындағы үлкен стратегия деп қабылдауға болады. Себебі Жолдаудың өзі қорытындысында Президент айтты ғой, «Әлеуметтік-экономикалық, экологиялық барлық мәселелерді қолдаймыз» деп. Сондықтан Жолдауды негізгі бағыттардың барлығы маңызды. Ең бірінші, халықты тыңдайтын үкімет деген қағиданы еске салып бастады. Сондықтан бұл халықты тыңдайтын үкімет деген қағида тұрақты дамудың ешкімді назардан тыс қалдырмау дген қағидасымен тікелей байланысты.