6 жасар қызды зорлаған күдікті қамауға алынды

Батыс Қазақстан облысында 6 жасар қызды зорлаған күдікті қамауға алынды. Облыстық полиция департаментінің мәліметіне сүйенсек, оқыс оқиға Тасқала ауданында болған. Ауыл тұрғыны өзінің кішкентай қызын балмұздақ әперем деген танысына ертіп жібереді. Бірақ қызы кешіккесін, полицияға хабарласыпты. Жоғалған бүлдіршін ертесіне ауыл шетіндегі орман алқабынан табылды. Қасындағы күдікті бұл кезде мас күйде болыпты. Сол жерде ес-түссіз жатқан қыз ауруханаға жеткізілді, жағдайы әлі ауыр. Ал 32 жастағы күдікті екі жыл бұрын бостандыққа шыққан екен. Қазір оның үстінен қылмыстық іс қозғалды.