Мемлекет басшысы Конго Демократиялық Республикасы Президентінің арнаулы өкілі Патрик Мпойи Луабеяны қабылдады

Мемлекет басшысы Конго Демократиялық Республикасы Президентінің арнаулы өкілі Патрик Мпойи Луабеяны қабылдады. Қасым-Жомарт Тоқаев  ілтипат білдіріп, оның сапарын Қазақстан мен Конго  ынтымақтастығын дамыту жолындағы маңызды қадам ретінде қарастыратынын атап өтті. Арнаулы өкіл Қасым-Жомарт Тоқаевқа кездесуге мүмкіндік жасағаны үшін ризашылығын білдіріп, Конго Президенті Феликс Чисекедидің арнайы сәлемін жеткізді.Кездесуде  екіжақты ынтымақтастықтың перспективті бағыттары талқыланды.