Заң өскелең ұрпаққа пішілген киім іспетті болуы керек. Тар болса қимылын шектейді. Шұбалаңқы болса, шалынып құлайды. Сол секілді қоғам өзгерсе, тыныс-тіршілігін реттейтін заңдар да өзгеруі қалыпты процесс. Мәжіліс депутаты Үнзила Шапақ осылай дейді. Конституциялық реформа заңға тек түзетулер енгізіп жатқан жоқ. Қоғамның барлық саласына құқықтық негіз қалыптастырып беруде.
ҮНЗИЛА ШАПАҚ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:
Қоғамның дамуы, қоғамның өмірі өте көп жаңалықтарды әкеліп жатыр.Әлеуметтік байланыстар деген бұрынғыдай, заң шығарушылардың көз алдына елестеткен байланыстары, жазған қарым-қатынастарынан тыс қарым-қатынастар пайда болды. Осыған сәйкестендіру керек болады. Міне осылай қоғам дамып, өхгеріп отырады. Сол қоғамға сәйкестендіреді.