Ұлытау облысында кеншілер арасында кәсіби шеберлік чемпионаты өтті

Жүргізуші. Ұлытау облысында кеншілер шахтаның астында сайысқа түсті. Өңірде «КәсіпSkills» кәсіби шеберлік чемпионаты өтті. Жүзден астам кеншінің басын қосқан жарыс «Жұмысшы мамандығының жылына» орай ұйымдастырылып отыр. Ол Жезқазған, Сәтпаев өңірінің тау- кен саласындағы жұмысшы мамандықтарының беделін арттыруды және еңбек қауіпсіздігі мәдениетін нығайтуды көздейді.

Чемпионатқа Оңтүстік Жезқазған, Шығыс Жезқазған, сондай-ақ «Западный», «Жомарт» және «Жыланды» кеніштерінің жоғары білікті мамандары қатысты. Олар-  бұрғылаушы, тиеу және жеткізу машиналарының машинисі, үңгуші және жарушы сияқты сегіз негізгі мамандық бойынша бақ сынасты. Барлығы шахтада. Негізі чемпионат екі кезеңнен тұрады. Алғашқысында тікелей жұмыс орындарында өндірістік міндеттерін орындау шеберлігі бағаланса, екіншісінде  «сұрақ-жауап» форматында еңбекті қорғау және өндірістік процестер бойынша білімдері тексерілді.

СЕРЖАН ЖАҚСЫБЕКОВ, «КӘСІПҚОРҒАН» САЛАЛЫҚ КӘСІПОДАҒЫНЫҢ ЖЕЗҚАЗҒАН ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

«КәсіпҚорған» кәсіподағы «ҚазақМыс» басшыларымен бірлесе отырып 2025 жылы жұмыскерлер жылына байланысты кеншілердің ортасында байқау өткізудеміз. Бүгін осы Байқауға 110 нан аса қатысушы қатысуда. Бүгін жұмысшылармен кездесе отырып жұмысшылардың біліктілігін, білімділігін көріп жұмыс орнына келіп байқаудамыз.

Ұйымдастырушылар әсіресе еңбек қауіпсіздігі стандарттарын сақтауға ерекше назар аударған. Чемпионаттың басты мақсаттарының бірі — үздік мамандарды анықтап қана қоймай өндірістік жарақаттану деңгейін төмендету. Ол үшін жұмысшы ммандықтарының мәртебесін көтере отырып қызметкерлерді ынталандыру және озық тәжірибелерді тарату арқылы төтенше оқиғаларды болдырмау көзделіп отыр.

ЕРБОЛ ЫСҚАҚОВ, «Қ.СӘТПАЕВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚМЫС КОРПОРАЦИЯСЫ» ЖШС «ЖЕЗҚАЗҒАНТҮСТІМЕТАЛЛ» ӨБ ФИЛИАЛЫ БӨЛІМІНІҢ ЖЕТЕКШІ МАМАНЫ:

Әркім өз біліктілігін көрсетіп жатыр.Мен де осындай мамандықтар, жақсы мамандықтар бар екеніне бәрі білікті екеніне көзім жетті.

Чемпионаттың қорытындысы Шахтерлар күні қарсаңында шығарылады. Жеңімпаздар 80, 100 және 150 мың теңге ақшалай және басқа да бағалы сыйлықтармен ал бірінші орын иегері «Еңбек Озаты» төсбелгісімен марапатталады.