Қазақстандағы өмір сүру ұзақтығы 75 жастан асты

Қазақстандағы өмір сүру ұзақтығы 75 жастан асты. Бұл әлемдік орташа көрсеткіштен жоғары. Сондай-ақ, ана мен бала өлімі алғаш рет ең аз көлемде тіркелді. Бұл туралы Президентке денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова баяндады. Өз кезегінде, Мемлекет басшысы медициналық көмек сапасын арттыру секілді бірнеше тапсырма берді.

АҚМАРАЛ ӘЛНАЗАРОВА, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ:

Дәрігерлердің тапшылығы 19 пайызға азайды. Ауылдық елді-мекендерде жұмыс істейтін дәрігерлердің тапшылығы 16 пайызға азайды. Былтырдан бастап жаңа әлеуметтік қолдау шаралары енгізілуде.