Қасым-Жомарт Тоқаев Төраға Си Цзиньпиннің шақыруымен 30 тамыз - 3 қыркүйек күндері Қытай Халық Республикасына барады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Төраға Си Цзиньпиннің шақыруымен 30 тамыз - 3 қыркүйек күндері Қытай Халық Республикасына барады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Ведомство мәліметінше, сапар аясында өтетін жоғары деңгейдегі келіссөздер барысында қазақ-қытай мәңгі әрі жан-жақты стратегиялық серіктестігін нығайту перспективасы талқыланады

Сонымен қатар 31 тамыз - 1 қыркүйек күндері Қазақстан Президенті Тяньцзинь қаласында өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне және «ШЫҰ плюс» жиынына қатысады.

Бұдан бөлек 2 қыркүйекте Мемлекет басшысы Бейжіңге барып, онда Қазақстан - ҚХР Іскерлік кеңесінде сөз сөйлеп, Қытайдың ірі компания жетекшілерімен бірқатар кездесу өткізеді.

- 3 қыркүйек күні Қасым-Жомарт Тоқаев Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңістің 80 жылдығына арналған салтанатты іс-шараға мәртебелі мейман ретінде қатысады, - делінген Ақорда таратқан ақпаратта.