Үкімет әлеуметтік-экономикалық даму болжамдары мен 2026-2028 жылдарға арналған бюджет жобасын мақұлдады

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында 2026-2028 жылдарға және 2035 жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық даму болжамдары, алдағы үш жылдық кезеңге арналған республикалық бюджет жобасы мақұлданды, хабарлайды Astana TV.

2026-2028 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттер көлемі қаралды.

Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин баяндама жасады. Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов инфляция, төлем балансы және Ұлттық қор туралы, қаржы министрі Мәди Такиев 2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасы туралы баяндады.

Ұлттық экономика министрлігінің деректері бойынша 2026-2028 жылдары ЖІӨ-нің орташа жылдық нақты өсімі 5,3%-ды құрайды. Бұл ретте номиналды Жалпы ішкі өнім 2026 жылы 183,8 трлн теңгеге, 2028 жылы 229,8 трлн теңгеге жетеді. 2035 жылға дейінгі ұзақ мерзімді перспективада ЖІӨ өсімі 4,5% деңгейінде тіркеледі, ал 2035 жылы номиналды Жалпы ішкі өнім 473,2 трлн теңге болмақ.