Олжас Бектенов әкімдерге ескерту жасады

Жылу маусымына өңірлер дайын емес. Үкімет басшысы Олжас Бектенов жауапсыздық танытқандар жазасыз қалмайды деді. Қыстың қамын жаздың соңында ойлаған әкімдер не деп ақталды? Бұдан бөлек, айдың күннің-аманында энергия өндіруші ұйымдардың кредиторлық берешегі 17 млрд теңгеге жеткен. Бұл көмір бағасының өсуіне әсер етпей ме? Үкімет отырысына қатысып қайтқан тілшіміз Бекболат Сатуов тарқатып айтады. 

БЕКБОЛАТ САТУОВ, АРНАЙЫ ТІЛШІ:

Жұрт жылу маусымында тағы да бүрсең қағуы мүмкін. Сынға іліккендердің үштігін Ақмола, Маңғыстау облыстары мен Ақтау қаласы бастап тұр. Дайындыққа селоқос қарағандардың қарасы қалың. Барлығында жылу жүйесін жаңғырту жұмыстарының қарқыны төмен. Тіпті кейбірілерінде жөндеу жұмыстарының уақыты өзгертілген.

Мұндай мәселе қара алттынның үстінде отырған Қарағандыда да бар.

ЕРМАҒАНБЕТ БӨЛЕКПАЕВ, ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Тұлпар барыс жылыту станциясының 16-шы қазандығында күрделі жөндеу жұмыстары 14-17 мамырда басталатын болған. Жөндеу барысында қосымша жөндеу көлемі анықталып бұл күрделі жөндеу жұмысын 15 қазаға дейні ұзарту негіз болды.

Үкімет басшысы жылу маусымына дайындықты бақылауда ұстамаған әкімдерді кінәлады.

ОЛЖАС БЕКТЕНОВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ:

Бірқатар өңірде жөндеу жұмыстары уақтылы аяқталмай қалу қауіпі бар. Бұндай жағдайлар әкімдер тарапынан жоспарлаудың төмендігін және тиісті бақылаудың жоқ екенін көрсетеді.

Бұдан бөлек, энергия өндіруші ұйымдардың да берешегі 17 млрдтқа жеткен. Әзірге мұның көмір бағасына әсерін тигізбейді. Тек тасымалдау құны бағаны шарықтатып жіберуі мүмкін екен.

СҰҢҒАТ ЕСІМХАНОВ, ҚР ЭНЕРГЕТИКА МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Бұл жерде мәселе – жеткізуде, яғни теміржол тасымалының құнында. Егер теміржол желісі жоқ болса, көмірді автокөлікпен жеткізуге тура келеді, ал ол одан да қымбат. Сондықтан бұл бағыттағы жұмысты жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп жүргіземіз.

Айтпақшы, жауаптылар көмір тапшылығы да болмайды деп отыр. Себебі халыққа тиісті көмірдің 30 пайызға жуығын қазірдің өзінде жеткізіп отырмыз дейді.