"Келешек мектебі" неге кешікті?

Атырау іргесіндегі Ақсай-2 ауылының халқы мектепті уәделі мерзімінде пайдалануға бермеген билікке өкпелі. Айтуларынша, 51-ші мектеп құрылысы былтыр желтоқсанда аяқталатынын естіп қатты қуанған. Содан бері уәдемен суарып келеді,-дейді шарасыз ата-аналар.

Жаңа оқу жылы жаңа мектепте басталсын. Осындай талаппен Ақсай-2 ауылы тұрғындары  “Келешек мектебінің" маңына жиналды. 3, 4 ауысымдық мектепке тасып, табанымыз да, төзіміміз де таусылды. Өміріміз автобус ішінде өтіп жатыр,- дейді шаршаған халық.

МЕРУЕРТ МАМБЕКҚЫЗЫ, АҚСАЙ - 2 АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

4 балам мектепке барады.  0 оқиды, 1 оқиды, жоғары сынып бар. 3 ауысыммен, 4 ауысыммен бала  оқығанда, 1 сыныпта 30-35 бала, шындығына келгенде.  35 баланың ішінде 40 минутта қандай білім. 3 күннен кейін ашылады, 5 күннен кейін ашылады деп осындаймен созбақтап келе жатыр.

ОРЫНША АЙДАРОВА, АҚСАЙ-2 АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Мектептің директорымен деп келіп, танысып бізбен, 30 тамызда ашамыз деді. Бірақ 15іне  құжат қабылдаймыз деді. Бірақ біз бұл мектептің 15і ашылуына күмәнмен қарап тұрмыз. Себебі  сыртқы жұмысы біткен жоқ, ішкі жұмысы әлі біткен жоқ. 5 күнде қалай бітІреді?

Ауыл тұрғындары балаларын қосымша үйірмелерге бере алмай жүр. Жауынды-шашынды күндері автобуспен қарапайым сабаққа зорға үлгеретінін айтады. Әрі беймезгіл уақытта автокөлік жолынан өтетіндіктен жанымызды шүберекке түйіп отырамыз,-дейді.

ӘЙГЕРІМ ҚАЗБЕКҚЫЗЫ, АҚСАЙ - 2 АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Біз баламызды не спортқа бере алмаймыз, не  қосымшаға бере алмаймыз. Бәріне уақыт керек. Қалада оқитын балалар бар. Олардың барып-келуіне бәленбай уақыт керек.

Медігер компания өкілдері тамыздың аяғында ашамыз деуден танбай отыр. Сөздеріне сенсек, қабылдап алу  жұмыстары жүріп жатыр.

ӘМІРҒАЛИ СИСЕНОВ, МЕРДІГЕР КОМПАНИЯНЫҢ ЖОБА ЖЕТЕКШІСІ:

Біздің келісім-шартымыз бойынша 30-тамызға дейін.  30-тамыз күні мектебімізді ашамыз. Қазір толыққанды құрылыс жұмыстары аяқталды, аяқталды толығымен. Қазір құрал-жабдықтар орнату, тазалық жұмыстары жүріп жатыр қазір. Құрал-жабдықтар 1-2 күнде, сәрсенбіге дейін келеді.

АЙНАГҮЛ ДҮЙСЕКЕНОВА, ҚАЛАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

Қыркүйек айының аяғына дейін бұл мектеп толықтай пайдалануға беріліп, сол елдімекеннің оқушылары сол білім ордасында білім алуға толық мүмкіндік алады. Бүгінгі күні мектеп басшылығы тағайындалды, ол жерге жұмысқа қабылданатын қызметкерлер мен педагогтарды да біз еңбек.кз порталы арқылы конкурстық негізде қабылдайтын боламыз.

Айта кетейік, аймақ үшін Келешек мектептерінің маңызы зор. Пайдалануға берілсе, 3ауысымдық оқу жүктемесін азайтады. Қалада 3 ауысымда білім беретін 9 мектеп бар.