Қазақстанға Тәжікстанның Маджлиси Оли Маджлиси милли Төрағасы Рустами Эмомали келді

Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Тәжікстанның Маджлиси Оли Маджлиси милли Төрағасы Рустами Эмомалимен кездесті. Елімізге ресми сапармен келген мәртебелі мейманды Жоғарғы палата спикері әуежайда қарсы алды. Кездесу барысында ол Тәжікстан Қазақстанның маңызды стратегиялық серіктесі және сенімді одақтасы екенін айтты. Тараптар екі ел Президенттері белгілеп берген ынтымақтастықтың жоғары деңгейін Парламенттер арқылы да қолдаудың маңызды екеніне назар аударды. Бұл ретте Екіжақты өзара іс-қимылдың жол картасы ерекше мәнге ие. Кездесуде Жол картасында көрсетілген міндеттерді іске асыру аясындағы бірлескен жұмыс туралы да сөз болды.

МӘУЛЕН ӘШІМБАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Былтыр Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Тәжікстанға мемлекеттік сапары аясында Одақтастық қатынастар туралы шартқа қол қойылды. Құжат бауырлас халықтарымыздың ұлттық мүдделеріне сай келеді және елдеріміздің өзара іс-қимылын жан-жақты тереңдетуге айтарлықтай серпін берді. Осы орайда біздің басты міндетіміз – мемлекет басшыларының деңгейінде қол жеткізілген барлық уағдаластықты тиімді іске асыруға ықпал ету.