Елімізде терапевт, рентгенолог, анестезиолог-реаниматолог, хирург, акушер-гинекологтар жетіспейді. Кадр тапшылығын шешу мәселесі Қарағандыдада өткен Мәжілістің комитет отырысында талқыланды. Асхат Аймағамбетовтың айтуынша, қазіргі таңда емханаларды қажетті кадрлармен қамтуға баса назар аударылады. Тиісті министрлік жыл сайын медициналық мамандыққа 5685 грант бөледі.
АСХАТ АЙМАҒАМБЕТОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, “AMANAT” ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:
Маңызды мәселе медициналық білім беруді қалай ары қароай дамытамыз. Оның реформасы қалай болады деген сұраққа жауап алу. Жалпы олар мамандыққа қалай түседі, олар не оқиды, олар неше жыл оқиды, интернатураны кеңейтіп екі жылға созамыз ба деген сияқты осы мәселелерді қараймыз.