Қызылорданың бірнеше ауылында заман талабына сай «Келешек мектептері» ашылды

Қызылорда облысы Арал ауданы Сексеуіл кентінің балалары жаңа оқу жылында заманауи білім ордасында оқиды. Онда балалардың толыққанды білім алуына барлық жағдай жасалған. Бұрын спорт залда доп тебу арман болған балалар енді тіпті әр пәнді арнайы жасақталған кластарды өтеді. 300 орынға лайықталған білім ошағы «Келешек мектептері» ұлттық жоба аясында салынған. Аймақта бұған дейін құны 54 млрд 400 млн теңге болатын 10 мектеп пайдалануға берілген болады. Биыл да бұлардың қатары толығып, шалғайдағы ауыл балаларының білім әлеміне терең бойлауына мүмкіндік туып отыр.

САНИРА ЖАННАЗАРОВА, АРАЛ АУДАНДЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

Пәндік кабинеттер замануи жабдықтармен жабдықталған. Лэд экранмен жабдықталған Мәжіліс залы. Замануи спорт залы және оқу залы бөлек, мұрағаты бөлек кітапхана. Пәндерге арналған құрал-жабдықтары түгелденген жаңашыл кабинеттер. Ұстаздардың, ата-аналардың, оқушылардың қуанышында шек жоқ.