Павлодарда “Баланы мектепке дайындайық” республикалық акциясы аясында мыңға жуық оқушыға көмек көрсетілді

Павлодарда “Баланы мектепке дайындайық” республикалық акциясы аясында мыңға жуық оқушыға көмек көрсетілді. Бұған жергілікті кәсіпкерлер, мәслихат депутаттары қолдау білдірген. Қайырымдылық шарасы “AMANAT” партиясының “Бақытты отбасы” жобасы шеңберінде жүзеге асып отыр. Партияның облыстық филиалы бір күнде 500 баланы мектепке дайындады. Оқушыларға сөмке, оқу құралдары және кеңсе тауарын алуға арналған қаржылай сертификат табысталды.  Шалғай ауылдарда тұратын балалар да назардан тыс қалмады. Ақсу ауылдық аймағында 200, Павлодар ауданында 200 және Шарбақты ауданында 40 балаға мектепке қажетті құрал-жабдықтар мен киім кешек берілді. 

АЙНҰР МҰХАМЕДИЯРОВА, “AMANAT” ПАРТИЯСЫ ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:

Біз осы күнге дейін мыңға жуық баланы киіндірдік. Енді осы акция айдың соңына дейін жалғасатын болады.

АЙГҮЛ ҚАЛҚАБАЕВА, КӨПБАЛАЛЫ АНА:

Өте көп көмек берілді. Бала-шағам бәрі риза. Кішігірім болса да, бізге ол көмек. Қазір бәрі қымбатшылық өте қиын. Сондықтан осындай көмектер болып жатқасын ризамыз.